Үшінші рет. Әбиба Әбужақыноваға тағы бір көлік сыйға берілді

2118
Adyrna.kz Telegram

Париж Олимпиадасында бесінші орын алған қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақыноваға тағы бір көлік сыйға берілді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Жеңіс» дзюдо клубының президенті Алмаз Әлсенов өз атынан танымал дзюдошыға су жаңа BMW Х3 кроссоверін тарту етті.

«Бұл – бір күндік емес, көп жылдық еңбегімнің, маңдай теріммен, тынымсыз жаттығулардың нәтижесінде жеткен сый деп қабылдаймын. Бәріңіздің қолдауларыңызға ризамын! Әлі-ақ сіздердің үміттеріңізді ақтап, қолдауларыңыздың өтеуі ретінде жеңісті жолды жалғастырамын деп уәде беремін», - деп ризашылығын білдірді Әбиба Әбужақынова.

Бұған дейін спортшыға  «Республика» партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров пен Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов темір тұлпардың кілтін табыстаған еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер