Өзбекстанда электр және гибрид көлік импорты бензинді көліктен асып түсті

1430
Adyrna.kz Telegram
Сурет: dknews.kz
Сурет: dknews.kz

Өзбекстанда 2024 жылы алғаш рет электр және гибрид көліктерінің импорты бензинмен жүретін көліктерден көп болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Газета.uz-ға сілтеп.

Өткен жылы Өзбекстанға жалпы сомасы 1,9 миллиард долларды құрайтын 80 235 жеңіл автокөлік әкелінген. Оның ішінде бензинді көліктер саны 32 928-ді құрап, өткен жылмен салыстырғанда 36,3%-ға азайған. Сонымен қатар гибрид көліктердің импорты 42%-ға өсіп, 17 480 бірлікке жеткен. Ал электр көліктерінің импорты бір жарым есе артып, 24 095 данаға дейін көбейген.

Нәтижесінде, гибрид және электр көліктері елге импортталған автокөліктердің 55,8%-ын құраған.

Электр көліктерінің орташа бағасы айтарлықтай төмендеп, $26 972-ден $9330-ға дейін азайды.

Өзбекстанда электр көліктерін әкелу акциздер мен кедендік баждарға жатпайды. Сонымен қатар электр немесе гибрид көліктерімен жұмыс істейтін таксистерге 2030 жылға дейін лицензиялық алым төлеуден босату қарастырылған. Кәсіпкерлер үшін зарядтау станцияларын орнатуда салықтық жеңілдіктер қарастырылған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер