Home » Спорт » Еркін күрес. Ұлттық құрама бекітілді

Еркін күрес. Ұлттық құрама бекітілді

Талғардағы АИБА бокс академиясында еркін күрес шеберлері қорытынды белдесулерін өткізіп, құрама тізімін анықтады.
Бапкерлер кеңесі бұған дейін 57 келіде Нұрислам Санаев (Ақтөбе облысы), 61 келіде Расул Қалиев (ШҚО), 70 келіде Нұрқожа Қайпанов (СҚО), 74 келіде Данияр Қайсанов (ШҚО), 79 келіде Ғалымжан Өсербаев (Қызылорда облысы), 97 кг Әлішер Ерғали (Алматы қаласы) елордамыздағы әлем чемпионатында ел намысын қорғайтынын айтқан болатын. Ал бүгін 65, 86, 92, 125 келіде шешуші кездесулер өтті.

65 келіде үш дүркін Азия чемпионы Дәулет Ниязбеков (Қызылорда облысы) Азия ойындарының қола жүлдегері Саятбек Оқасовты (Павлодар облысы) екі кездесуде де ұтып, мықтылығын дәлелдеді.
86 келіде бір-біріне үнемі қарсылас атанып жүрген Әділет Дауланбаев (Алматы қаласы) пен Азамат Дәулетбековтың (ШҚО) белдесуінде Әділет те екі кездесуінде жеңіске жетті.
92 кг Нұрғали Нұрғайыпұлы (Астана қаласы)мен Ералы Абдрашев (Астана қаласы) әлем чемпионатының жолдамасын сарапқа салған еді. Қос Алматы облысы тумаларның арасында өткен белесуде Нұрғали Нұрғайыпұлы басым түсті.
125 келіде Шығыс Қазақстан облысының балуаны Олег Болтин мен ақтөбелік Юсуп Батырмурзаев арасында тең есеп тіркеліп, аса ауыр салмақтағы палуандар кім мықтыны үшінші кездесуде анықтады. Нәтижесінде, ел чемпионы Олег Болтин шешуші белдесуде 6:1 есебімен жеңіске жетіп, лицензиялық әлем чемпионатында ел намысын қорғауға мүмкіндік алды.
Айта кетейік, әлем чемпионаты Нұр-Сұлтан қаласы Барыс-Аренада 14-22 қыркүйек аралығында өтеді. Билеттер kassir.kz сайтында сатылады.
Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын еркін күрес шеберлері:
57 кг Нұрислам Санаев (Ақтөбе облысы)
61 кг Расул Қалиев (ШҚО)
65 кг Дәулет Ниязбеков (Қызылорда облысы)
70 кг Нұрқожа Қайпанов (СҚО)
74 кг Данияр Қайсанов (ШҚО)
79 кг Ғалымжан Өсербаев (Қызылорда облысы)
86 кг Әділет Дауланбаев (Алматы қаласы)
92 кг Нұрғали Нұрғайыпұлы (Астана қаласы)
97 кг Әлішер Ерғали (Алматы қаласы)
125 кг Олег Болтин (ШҚО)

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Кахабер Цхададзе: Біз қайдағы бір таксистерге ұтылған жоқпыз

Футболдан Еуропа лигасының екінші кезеңінде Шымкенттің “Ордабасы” командасы өз алаңында Чехияның “Млада Болеслав” командасына 2-3 ...