Әнші Абай Бегейдің кәмелетке толмаған қызының некесі қиылмаған - ҚМДБ

1343
Adyrna.kz Telegram
Фото: Сымбат Абайқызының парақшасынан
Фото: Сымбат Абайқызының парақшасынан
Желі жұрты танымал әншінің кәмелет жасына жетпеген қызының некеге қалай тұрғанын талқылап жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

ҚР заңнамасына сәйкес елімізде неке жасы тек 18 жастан жоғары болып табылады. Ал 18 жасқа толмаған тұлға ата-анасының жазбаша келісімі, міндетті шарт болып табылады.

Желідегі оқырман Сымбат Абайқызының инста парақшасында мешіт алдындағы суретіне "Некені 18 жастан бастап қимайды ма?", "16 жастағы қыздың некесін қай имам қиған?" деген сынды пікір қалдыруда.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша өкілдігі Абай Бегейдің қызы мешітте некесін қидырмағанын хабарлады.

"Ақтау қаласында кәмелет жасқа толмаған қыздың некесіне қатысты әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша өкілдігі неке қию рәсімі мешітте болмағанын анықтады. Мешіт имамдары кәмелет жасқа толмаған қыздың некесін қимаған. Мешітке келіп, құлшылық үйін аралауға, ауласында суретке түсуге шектеу қойылмайды. Жастардың мешітке келіп, естелікке суретке түскені белгілі болды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қабылдаған «Мешіт имамдарының неке қию тәртібі» құжатына сәйкес отбасы құрғысы келетін азаматтар әуелі АХАТ бөлімі арқылы заңды некеге отыруы тиіс. Нике қию рәсіміне болашақ ерлі-зайыптылардың ата-анасы немесе олардың заңды өкілдері қатысуы міндетті. Діни некеге ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің келісімі керек. Олай болмаған жағдайда мешітте діни неке қиылмайды", - делінген хабарламада.

Пікірлер