Сенатор некеге дайындықты мектептен бастауды ұсынды

1011
Adyrna.kz Telegram
Сурет: ummet.kz
Сурет: ummet.kz

Бүгін сенатор Жанна Асанова некеге дайындықты мектеп жасынан бастауды ұсынды, "Адырна" ұлттық порталы.

Сенатордың айтуынша, жастар некеге отырғанымен, тұрмыстық шаруаларды атқара алмайды. Мұның бәрі тұрмыстық жанжалға апарып соғады.

"Қазір балалардың тұтас бір буынының әкесі немесе шешесі жоқ. Қазақстанда шамамен бір жылда некелердің жартысы ажырасумен аяқталады. Тенденция тұрақты. Тіпті өсіп барады. 2021 жылы 141 мың отбасының 60 мыңы ажырасса, 2024 жылы 125 мың некенің 61 мыңы ажырасып кеткенін көріп отырмыз. Мұндай тенденцияны тоқтату үшін көңіл бөлуіміз керек", – дейді ол.

Сенатор отбасы институтын дамыту керегін айтты.

"Біз отбасы институтын дамытуымыз керек. Алайда қазір ата-аналардың көбі балаларды оқытуға, толық дағдыға үйретуге мүмкіндік таппай жатады. Осыған байланысты алдын алу шараларын қабылдау керек. Ол үшін сенатор орта және жоғары сынып оқушыларына өмірлік қажеттілігі бар дағдыларға үйрету керек. Тігін тігу, тамақ пісіру, тас қалау, үй жөндеу, тұрмыстық техникаларды жөндеу, алғашқы медициналық көмек, төтенше жағдайлардағы дағды, өзін-өзі қорғау, қаржылық сауаттылық – бәрін үйрету керек. Мұның бәрі балаларға өзін дамытуға көмектеседі", – дейді ол.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 ложку с утра - и все! Живот уходит за 12 дней, бока за неделю…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Стальная потенция будет всю ночь! Вот что нужно сделать вечером
Пікірлер