ҚМДБ әйелдердің мешітте баруына қатысты мәлімдеме жасады

1271
Adyrna.kz Telegram
Фото: islam.kz
Фото: islam.kz

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі әйелдердің мешітте намаз оқуына қатысты өз шешімін жария етті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Informburo.kz-ке сілтеп.

Оған сәйкес, әйелдердің мешітке барып жамағатпен намаз оқуының оқасы жоқ. Дегенмен, олардың үйінде оқығаны абзал.

Бөлім сарапшылары бұл ретте Мұхаммед пайғамбардың "Әйел­деріңе ме­шіт­ке ба­руға тыйым салмаңдар. Бі­рақ үйле­рі олар үшін ме­шіт­ке ба­ру­дан да қайырлы", – деген сөзін алға тартады. 

"Ханафи мәзһабының ғалымдары фитнаға (бұзақылық) түсіп қалу қаупі болғандықтан жас әйелдердің мешітке барып жамағатпен намаз оқуын мәкруһ санаған. Себебі Алла елшісі: "Үйле­рі олар үшін ме­шіт­ке ба­ру­дан да қайырлы", – деген. Ал жасы үлкен қарт әйелдердің таң және ақшам мен құптан намаздарында мешітке баруына болады. Бұл имам Әбу Ханифаның көзқарасы. Өйткені ниеті бұзақылар бесін мен екінті намазында қаптап жүреді. Ақшам намазында кешкі асын ішумен әлек, таң намазы мен құптанда ұйқыда болады дейді. Әбу Юсуф пен Мұхаммедтің пікірі бойынша қарт әйелдер барлық парыз намаздарда мешітке бара алады", – делінген ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің хабарламасында. 

ҚМДБ ұстанымы бойынша, мешітте әйелдерге арналған бөлек жер болса және ол жерге барар жол да көпшілікке көрінбейтіндей болса, оқасы жоқ. Басты мақсат – әйелдің абыройы мен қоғамда түрлі бүліктердің тууына жол бермеу.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер