Депутат Тұрлыхановтың ұлына қатысты дау. Комитет түсініксіз түсініктеме берді

1608
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы пробациялық бақылау тәртібін бұзды деп айыпталып, оның әрекетіне түсініктеме берілді, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қазақстандық заңгер Анна Чернова әлеуметтік желіде бас бостандығын шектеу жазасына кесілген Нұрасыл Болаттың Алматыда түнде достарымен бірге көшеде жүрген видеосын жариялады.

«Таңертең Direct-ке осындай видео келді. Онда Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың тұрғанын көрдім. Оның бостандығы шектелген және оған қосымша талаптарды орындау жүктелген. Бірақ, видеодан оның заңға қайшы әрекет етіп, талаптарды сақтамағанын байқауға болады», - деп жазды заңгер Анна Чернова Instagram-дағы парақшасында.

Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) баспасөз қызметі сотталушыға қатысты үкім 14 тамызда пробация қызметіне (бекіту орны бойынша) орындауға жіберілгенін хабарлады.

«Заңға сәйкес пробациялық бақылау сотталған адам есепте тұрған сәттен бастап жүзеге асырылады», - деп түсіндірді түзеу мекемесі.

Еске сала кетейік, бұған дейін депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың Алматы көшелерінің бірінде достарымен жүрген видеосы тараған болатын. Шағымданушы Чернова Нұрасыл Болаттың бас бостандығынан шектелсе де, еркіндікте жүргеніне шағымданған еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер