ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев Алматыдағы жұмыс сапарымен Hyundai Trans Kazakhstan зауытына барды.
Депутат зауыттың тұрмыс-тіршілігімен танысты:
- Бір жыл бұрын осы кәсіпорынға келгенімізде зауыт иесі Нұрлан Смағұлов бізге автомобильдерді шағын түйінді құрастыруға көшу жоспарын айтқан еді – ал бүгін біз сол жұмыстың барысын және жаңа өндіріс желілерін көріп отырмыз. Екі жаңа зауыттың құрылыс барысымен де таныстық: бірі – мультибрендті зауыт, мұнда кейін электромобильдер мен гибридті модельдер шығаруды игеру жоспарлануда, ал екіншісі автокөліктерге арналған бөлшектерді шығарады. Бұл – бизнес пен Өндірісті дамыту қоры арасындағы ынтымақтастықтың ең жарқын және табысты үлгісі деп білемін.
Еске сала кетсек, ірі түйінді құрастырудан шағын түйінді өндіріске көшу міндетін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы Қазақстан халқына Жолдауында және биылғы жылдың 7 ақпанындағы Үкімет отырысында алға қойған болатын.
Кездесу барысында, сондай-ақ, Азат Перуашев зауыт басшылығымен бұндай кәсіпорындарды одан әрі қолдау бойынша қажетті шараларын және осы тәжірибені мұнай-газ, тау-кен металлургиясы, жол, құрылыс, энергетика сынды салаларда пайдалану мәселелерін талқылады.
«Ақ жол» партиясының төрағасы Отандық автокөлік өндірісін қолдау басқа салалардың да дамуына жол ашады деген сенімде.