ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев Алматыдағы жұмыс сапарымен Hyundai Trans Kazakhstan зауытына барды.
Депутат зауыттың тұрмыс-тіршілігімен танысты:
- Бір жыл бұрын осы кәсіпорынға келгенімізде зауыт иесі Нұрлан Смағұлов бізге автомобильдерді шағын түйінді құрастыруға көшу жоспарын айтқан еді – ал бүгін біз сол жұмыстың барысын және жаңа өндіріс желілерін көріп отырмыз. Екі жаңа зауыттың құрылыс барысымен де таныстық: бірі – мультибрендті зауыт, мұнда кейін электромобильдер мен гибридті модельдер шығаруды игеру жоспарлануда, ал екіншісі автокөліктерге арналған бөлшектерді шығарады. Бұл – бизнес пен Өндірісті дамыту қоры арасындағы ынтымақтастықтың ең жарқын және табысты үлгісі деп білемін.
