Алматыда кибер-қылмысқа қатысы болуы мүмкін заттар жинақталған кеңсе табылды

1367
Adyrna.kz Telegram

Алматыда киберполиция қызметі арнайы операция жүргізіп, қылмыстық құрал-жабдықтары бар кеңсе табылды, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Нәтижесінде 30 жастағы Павлодардан келген азамат ұсталды. Оның жалға алған кеңсесінде 512 ұялы SIM-box, сондай-ақ 1620 сим-карта табылды.

«Бұл жабдықты интернет-алаяқтар әртүрлі интернет-сервистерді және мессенджерлерде пайдалану үшін қолданады, сонымен қатар, ол арқылы алаяқтар кейіннен басқа елде жүргенде қазақстандықтарға қоңырау шалатын аккаунттарды тіркейді», - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Мақсат Қанапяев.

Ұсталған азамат осы жабдықты орнату және қосу және мезгіл-мезгіл SIM карталарын ұяшықтарға ауыстырудан тұратын жұмысқа келіскенін айтты. ҚР Қылмыстық кодексінің 213-бабы бойынша (Ұялы байланыстың абоненттiк құрылғысының сәйкестендiру кодын, абоненттi сәйкестендiру құрылғысын құқыққа сыйымсыз өзгерту, сондай-ақ абоненттiк құрылғының сәйкестендiру кодын өзгертуге арналған бағдарламаларды жасау, пайдалану, тарату) бойынша қылмыстық іс қозғалғаны айтылды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жарияланбайды.

 

Пікірлер