Археологтар таулардан жартасқа қашалған сурет пен құнды ескерткіштерді тапты

2183
Adyrna.kz Telegram
Фото: Альбина Ережепованың мұрағатынан
Фото: Альбина Ережепованың мұрағатынан

Археологтар Алматы облысының тауларынан тарих үшін құнды ескерткіштерді тапты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews-қа сілтеп.

Таулы аймақта археологтар үш мың жыл бұрын қолданылған малшылар лагерін зерттеп, «тас үйлерді» тапты.

Әлкей Марғұлан атындағы институттың бір топ археологтары Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Серектас алқабында көп жылдан бері алғаш рет зерттеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 2000 жылдардың басында белгілі археолог Алексей Маряшев Серіктас қонысын, сондай-ақ жартастағы суреттерді ашқан.

Археологтардың сөзінше ұзақ уақыт бойы бұл аумақта қазба жұмыстарын жүргізуге қаржы тапшы болған. Алайда, ағымдағы жылдың шілде айында көршілес Серіктас-2 учаскесінде жұмыс басталыпты.

Ғалымдар бұл жерде қола дәуірінен орта ғасырларға дейін әртүрлі тайпалар мен ұлттар пайдаланған қыстау болғанын анықтады.

«Дөңгал типіндегі үйлерді қаздық Археологияда қола дәуіріндегі Беғазы-Дәндібаев мәдениеті белгілі және соған байланысты болса керек, мұнда өмір сүрген адамдар мал өсірумен айналысқан», - дейді экспедиция жетекшісі, ғылым докторы Альбина Ержанова.

Ғалымдар көне үйдің ішкі көрінісімен де бөлісті.

"Ішінен ұсақ тастармен қапталған, сырты топырақпен жабылған үлкен тұрғын үйді қарап шықтық. Іші үш бөлмеге бөлінген, ал бөлменің ортасында тас ошақ  бар. Арнайы жылу жүйесі орнатылған”, - деп атап өтті.

Үйден тоңазытқыштың аналогы ретінде пайдалануға болатын ойықтары бар қосалқы бөлме де анықталды. Онда азық-түлік қорлары сақталған көрінеді.

Одан бөлек, үйден керамика сынықтары көптеп табылды. Зерттеушілер керамиканың өте сапалы жасалғанын атап өтті.

Көптеген сүйек қалдықтарына, сондай-ақ тері өңдеуге арналған тас құралдарға сүйене отырып, ғалымдар Серіктас-2 қонысының тұрғындары мал шаруашылығымен және қолөнермен айналысқан деген қорытындыға келді.

Пікірлер