Магистратураға тапсырушылардың жәй-күйі қалай?!

3545
Adyrna.kz Telegram

Достар!
Біз бүгін магистратураға түсу үшін жаңа форматтағы кешенді тестілеудің алғашқы күнін өткіздік.
Емтихан өткізудің максималды түрде ашықтығы пен адалдығын қамтамасыз ету үшін еліміздің барлық өңірлерінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері, арнайы мониторингтік топтардың және қоғамның басқа да мүшелері бақылаушылар ретінде тартылды.
Біз білім беру жүйесіндегі адалдықтың жаңа стандарттарын қалыптастырудамыз: емтихан кезінде жалғандыққа жол беру – әлдеқайда маңызды құқық бұзушылыққа жол берудің алғашқы қадамы.
Біз бұл стандарттарды төмендетпейміз.
Бірінші күннің нәтижесіне келетін болсақ, тестілеуге келген 5705 қатысушының 4014-і смартфонмен келген. Ал, 216 үміткер тыйым салынған заттарды пайдалану әрекеттерін жасаған, олардың нәтижелері жойылды.
Сонымен қатар, 10 бөгде тұлға анықталды, олар бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жолданатын болады.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі барлық үміткерлерді белгіленген тәртіпті сақтауға шақырады.

 

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер