Алаяқтықтан қалай сақтанамыз?

2847
Adyrna.kz Telegram
Computer hacker stealing data from a laptop concept for network security, identity theft and computer crime
Computer hacker stealing data from a laptop concept for network security, identity theft and computer crime

Қоғамдағы алаяқтықтың көп бөлігі қаржы пирамидаларымен байланысты орын алуда. Статистикалық деректерге сүйенсек, жыл сайын интернеттік алаяқтық пен қаржы пирамидаларының құрбанына айналғандардың саны шамамен 7,8 мың адамға жететеін көрінеді. Айтылған қаржы пирамидалары қаржылық шығындарға әкелетін және көптеген адамдардың өмірін бұзуы мүмкін күрделі мәселе болып есептеледі. Осындай келеңсіздіктерді болдырмау мақсатында Қазақстанда үкімет пен құзырлы органдар бұл заңсыз схемалармен күресу үшін қатаң шаралар қабылдауда.

Тыйым салу шараларына тоқталар болсақ, Қазақстанда қаржылық пирамидалардың әрекетіне жол бермеу үшін қатаң заңнамалық шаралар қабылдануда. Айта кетейік, 2017 жылы пирамидалық схемаларды құру және оған қатысу туралы жазаны күшейтетін «Қаржы пирамидалары туралы» заң күшіне енген болатын. Осы заң бойынша, алаяқтықпен айналысқан адамдарды қылмыстық қудалау мен жазалауға ұшырауы тиіс деп көрсетілген.  Алаяқтық пирамидасы бір ғана адамның ашып, дамытатын кәсібі емес. Әдетте, алаяқтар топ болып жұмыс жасайды. Олар өзара клиент тартатын, оларды жүйеге тіркейтін деген секілді арнайы қызметтерді бөліседі. Сол себепті, қазірде, алаяқтықпен ацналысатын пирамидаларды құрушылардың сыбайластары, агенттері және орындаушылары болады. Сәйкесінше, «адамдар тобының қылмыс жасауы» атты баптың 2-бөлігі бойынша 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілетіндігі жазылған.

Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушыларының алғашқы басты көздейтін мақсаты – салымшылардың қаражатын алаяқтық жолмен иемдену. Алаяқтар адам эмоциялармен оңай басқара алады, манипуляциялық қулықтар жасай алады, көп жағдайда психологияны жақсы меңгерген адамдар болады. Олар алдындағы құрбандарына нені және қалай жеткіізу керектігін жақсы біледі. Салымшылардың сенімін арттыру үшін инвесторлармен кездесулер өткізеді. Және бұлардың көбісін халықтың назарына айқын көрсетеді. Жақсы әсер қалдыру үшін алаяқтық агенттіктер алғашқы уақыттарда айтылған міндеттемелерін жүйелі түрде орынлдауға тырысады, келісілген пайыздарды, бонустарды есепшоттарға жіберіп тұрады. Бұл әрине бұл ұйымдасқан алаяқтық топтың төлем қабілетінің жеткілікті екендігін дәлелдеу мақсатында ғана жасалатыны анық. Сондай-ақ олар тек салымшылардың өзімен ғана емес, «табысыңыз артуы үшін» деген сылтаумен олардың туыстарын, достарын шақыруға үгіттейді. Әдетте, өзі алданған салымшы салған қаражатын бонустар арқылы қайтарып алу үшін өзі де алаяқтардың қатарына қосылып таныстарын да осы жолға тартып жүргенін байқамай қалады. Бұл да алаяқтардың көрсеткен психологиялық қысымының нәтижесінде орын алатын жағдаяттар.

Алаяқтық пирамидаларынан қоғаи қалай сақтана алады? Біріншіден, адамдар «жеңіл әрі жылдам ақша» деген ұрандарға елікпеуі тиіс. Тегін әрі мол ақша оңай келмейтінін түсінуі қажет. Иллюзиялық уәделерге берілмеу үшін қоғамда болып жатқан жаңалықтардан хабардар болуы тиіс. Әдетте, қаржы пирамидалары пассивті табыс жоғары табысқа айналады деп «кепілдік береді». Мәселен, олар екінші деңгейлі банктердің пайыздық мөлшерлемені салыстыра отырып, жоғары яғни 35-40 пайыз сыйақы беруге уәде етіп, салымшыларды тартады. Егер ұйым өте қолайлы пайызбен сізге басымдылық беретін болып көрінетін осындай шарттарды ұсынар болса, бұл инвестициялардың шынайылығына күмәндануға бірден бір себеп. Екінші бір назар аудартатын жәйт, мұндай топтар адамдар ойланып үлгермеулері үшін жылдам инвестициялауға шақырады. Себебі, адамдарда «салқын ақыл» деген психологиялық түсінік бар. Олар адам ойланып үлгермеуі үшін әртүрлі дүниелермен алдаусыратуға тырысады.

Алайда, компанияның алаяқтық пирамидасы екенін қайдан біле аламыз? Алаяқтықтың ең көп таралған жағдайлары онлайн сауда. Соның қатарында, әлеуметтік желілер яғни Instаgrаm парақшалары арқылы алдау жағдаяттарды жиі кездеседі. Әдемі арзан заттар мен бағасы тиімді заттар онлайн сатып алушыларды қызықтырады. Сенгіш азаматтар парақшаға кіргенде жазылушылардың саны мен өнімнің әдемі фото, бейнелеріне назар аударады. Осы талаптарды басшылыққа алып тапсырыс береді, бірақ өнім жоқ. Кейінірек бұл аккаунтқа шағымданып, ақшасын қайтаруды талап еткен жағдайда сатып алушыны блокқа жібереді немесе парақшаның атауын өзгерте салады. Бұл әртүрлі интернет сайттарына да қатысты. Сондықтан азаматтарды ықтимал келеңсіздіктерден қорғау үшін сақтық ережелерін сақтау cұралады. Мысалы, тауарларға тек сенімді жерден тапсырыс беру, олардан нақты тұтынушылардың пікірлері бойынша ғана таңдау. Ал заңға жүгініп, алаяқтарды сотқа берген жағдайда банк арқылы ақша аударғаныңызды растайтын түбіртек, әлеуметтік желілердегі жеке хабарларламалар, арызданушы ұсынған барлық материалдар қылмыстық іс материалдарына бірге тіркеліп, дәлел ретінде пайдаланыла алады. Мамандардың ойынша, қаржылық сауаттылығы төмен адамдар көліктерін, пәтерлерін «инвестициялық компанияларда» ломбардқа қоюды жөн көреді.

Қазақстандағы қаржы пирамидаларымен күрес үкімет пен құзырлы органдардың алғашқы орындағы қажеттілігі болып табылады. Қаржы алаяқтары мен олардың жолын кесуде заңнамалық шаралар, бақылауды арттыру, халықты қаржылық оқыту маңызды рөлге ие. Бұл мәселелермен күресу азаматтарды қорғау және елдегі экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету шараларын үнемі назарда ұстауды талап етеді.

Пікірлер