ХАМАС Иранда Исмаил Ханияға қарсы жасалған қастандықтан кейін жаңа басшы тағайындады

1062
Adyrna.kz Telegram

Палестиналық ХАМАС қозғалысы Иранда өлтірілген Исмаил Ханиенің орнына саяси бюроның жаңа жетекшісінің есімін жариялады, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Euronews сайтына сілтеме жасап.

Яхья Синвардың саяси қозғалыстың жаңа басшысы болып сайланғаны хабарланды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Яхья Синвар өмірінің жартысын Израиль түрмелерінде өткізген. Ол Хания өлтірілгеннен кейін аман қалған Хамастың ең күшті жетекшісі. Синварды 2023 жылдың 7 қазанында Израильге жасалған шабуылдың ұйымдастырушысы деп те атайды. Синвардың нақты орналасқан жері белгісіз, алайда БАҚ хабарлауынша, ол әлі де Газа секторында жасырынып жүрген болуы мүмкін.

Израиль Сыртқы істер министрі Израиль Катц Синвардың «тез арада көзін құртуға» шақырды.

«ХАМАС-тың жаңа басшысы болып Исмаил Ханияның орнына бас лаңкес Яхья Синвардың тағайындалуы, оның мүмкіндігінше тезірек көзін құртуға және осы зұлым ұйымды жер бетінен толық жоюға тағы бір сенімді себеп болды», - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Естеріңізге сала кетейік, Исмаил Хания 31 шілдеге қараған түні Тегерандағы қонақ үйге қойылған бомбаның жарылуынан қаза тапқан болатын. Хамас пен Иран өлтіру ісі бойынша Израильді айыптайды, бірақ мемлекеттік билік олардың қатысы бар екенін растаған да, жоққа да шығарған жоқ.

Пікірлер