Ұлттық спорт қауымдастығының президенті сайланды

1258
Adyrna.kz Telegram
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Еркебұлан Ильясов Қазақстанның Ұлттық спорт қауымдастығының президенті болып сайланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Туризм және спорт министрлігіне сілтеп.

Бүгін, 1 ақпан күні Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының кезектен тыс жалпы отырысы өтті. Жиынға ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев, еліміздің ұлттық спорт федерацияларының президенттері мен өкілдері қатысты.

Қауымдастық құрылтайшылары дауыс беру арқылы жаңа жарғы қабылдап, нәтижесінде Еркебұлан Ильясов бірауыздан Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті болып сайланған. Сонымен қатар, жиында ұлттық спорт қауымдастығының президенті қызметін атқарған Исламбек Салжанов соңғы екі жылдағы атқарылған жұмысы жайында кеңінен есеп беріп, қорытындылады.

Жаңадан сайланған президент Еркебұлан Сайдоллаұлы сенім білдірген барша ҚР Туризм және спорт министрлігіне, қауымдастық қатарына кіретін ұлттық спорт өкілдеріне алғыс айтып, 2025 жылға қойылған жоспарымен бөлісті.

Пікірлер