Бүгін, 3 тамыз күні Теміртау қаласында 6 жасар бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ақпаратқа сәйкес, Теміртау қаласында ересектердің қарауынсыз қалған 2018 жылы туған бала 3-қабаттағы пәтердің терезесінен құлады.
Ер бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Көп қабатты үйлердің терезелерінен балалардың құлауына байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ТЖМ ескертеді:
- Балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
- Балалар бар пәтерлердің терезелерін арнайы қорғаныс құрылғыларымен жабдықтаңыз!
- Бала оны өз бетінше аша алмауы үшін терезе тұтқаларын құлыптаңыз!
- Ешқашан москит торларын қолданбаңыз, балалар оларға сүйеніп құлайды!
- Баланың терезеге көтерілуіне жол бермеу үшін жиһаздың барлық түрлерін терезелерден алыстатыңыз!