«Ел туын көрген сайын қуанамын». Рыбакина Қазақстан халқына видео үндеу жолдады

2132
Adyrna.kz Telegram

Теннисші Елена Рыбакина қазақстандық жанкүйерлерге видео үндеу жолдады, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жазғы ойындар біріншілігі басталар алдында Олимпиаданың ресми сайтында 25 жастағы қазақстандық теннисшінің жеке және аралас жұптық жарыстардан шеттетілгені туралы ақпарат пайда болған еді.

«Құрметті қазақстандық жанкүйерлер!
Мен командамен бірге дайындалдым, өкінішке қарай, жарыс басталар алдында ауырып қалдым. Менің қызуым көтеріліп, тыныс алуым қиындап кеткен соң, дәрігерлер кортқа шығуыма тыйым салды. Орындалмаған үміт пен сөнген сенім үшін барша қазақстандық жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Мен өте қатты қынжылдым, өйткені мен өз командаммен бірге ұзақ дайындалған едім және медаль әкеліп, жеңіске жеткім келді. Өткен жолы Токиода мен жеңіске жақын болдым және бұл, әрине менің үлкен мақсатым болды. Жақында кортқа шыға аламын деп үміттенемін. Мен барлық отандастарыма алғыс айтқым келеді, өйткені мен әлемнің әр түкпірінде ойнаған сайын мен әрқашан үлкен қолдауға ие боламын және стадиондарда ел туын көрген сайын қуанамын. Сіздерге көп рақмет, мен жақын арада кортқа ораламын деп үміттенемін», - деді Қазақстанның бірінші ракеткасы.

Қоса кетейік, Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстаннан теннис турниріне тек шетелдік ойыншылар қатысқанын айта кетейік. Елена жарыс басталар алдында қатыспайтынын мәлімдеген еді. Қоғам Рыбакинаның бұл ісін сынға алып, желіні біраз шулатқан еді. 

Пікірлер