«Терроризмді насихаттады». Белсенділер танымал әзілкештің үстінен шағымданды

1894
Adyrna.kz Telegram

Бір топ белсенді «Қазақ батырлары дін үшін соғысты» деп мәлімдеме жасаған танымал әзілкеш Ғалымжан Құрманбектің пікіріне заңдық тұрғыда баға беруді сұрап, президентке үндеу жасады. Бұл туралы Democrat.kz жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа! Бас прокурор Асылов Берік Ноғайұлына! Ұлттық қауіпсіздік комитетінітөрағасы Сағымбаев Ермек Алдабергенұлына!  

Қазақстан азаматы Ғалымжан Құрманбек Нұр-Мүбарак университетінде өткен бір іс-шарада «Қарасай, Қабанбай, Бөгенбай батырларымыз жер үшін емес, дін үшін соғысты» деп тарихты бұрмалап, Қазақстанда тыйым салынған Әл-Қағида, ИГИЛ, Талибан және тағы да басқа экстремистік топтардың риторикасын дәлме-дәл қайталады.

Тарих бойынша қазақтың барлық батыры әрқашан жері мен Отанын қорғау жолында қанын төккенін жоққа шығаратын Ғалымжан Құрманбектің ашықтан ашық терроризмді көпе-көрінеу бұлай жария формада насихаттауы тұтас қазақ ұлтының ренішін тудырды.

Оның бұл сөзі  Қылмыстық кодекстің 256 бабы, яғни терроризмді ашық насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру болып саналады. Атап айтқанда, Ғалымжан Құрманбек  «батырларымыз дін үшін соғысты» дей отырып, жастарды дін үшін соғысқа ашық үндеп отыр. Мұнан бөлек, оның бұл сөздері — қазақ тарихын, қазақ ұлтын қорлау. Мөрі басылған, дәлел-деректері бар шынайы тарихымыздың батыр тұлғаларын «дін үшін соғысты» деу — жалған ақпарат. Жастардың санасына мұндай жалған ақпаратты құйып, «дін үшін» соғысқа үндеу Ата заңымыздағы терроризм бабына сәйкес келеді.

Аталған мәселе бойынша тез арада құқықтық баға беріп, Ғалымжан Құрманбекті заң алдында жауапқа тартуды сұраймыз. Қазақстан — зайырлы мемлекет. Қазақстан — атадан-балаға мирас болған тарихы бар тәуелсіз, құқықтық мемлекет. Қазақстанның батырларына тіл тигізуге, еліміздің тарихын бұрмалап, жалған ақпарат таратуға ешкімнің де қақысы жоқ. Қазақтың тарихын бұрмалау — қазақ ұлтына жасалған қастандық деп білеміз. Құрметпен қоғам белсендісі Мұқышева Нұргүл Тазабекқызы және бір топ Қазақстан азаматтары»,—делінген үндеуде.

Еске салайық, бұған дейін Ғалымжан Құрманбек имансыз ұрпаққа жердің керек емес екенін айтқан еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер