Қайдасың, ата-ана? Тағы бір сәби терезеден құлады

1098
Adyrna.kz Telegram
Фото: http://ukropnews24.com
Фото: http://ukropnews24.com

Бурабайда 4 жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ақмола облысы ПД мәліметінше, оқыс оқиға 26 шілдеде Бурабай кентіндегі демалыс аймақтарының бірінде болған.

«4 жасар баланың жалдамалы үйдің екінші қабатындағы бөлмеде жалғыз болғаны анықталды.  Екінші қабаттың терезесінен құлау нәтижесінде ол жарақат алды.  Қазіргі таңда бала ауруханада жатыр»,—деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 141-бабы 1-бөлігі (балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді басталып, сараптамалар тағайындалды.

Еске салайық, 24 шілде күні Ақмола облысындағы Щучье қаласында 1 жастан асқан бала терезеден құлап кеткен еді.

Пікірлер