Үш баласы қалды. Қызылорда тұрғынын аса қатыгездікпен өлтіріп кеткен

3216
Adyrna.kz Telegram

Қызылордада онкологиялық аурухана қызметкері өлі күйінде табылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Информбюроға сілтеме жасап.

Наурызбек Тұрсынов 31 жаста болған. Ол медицинал саласында еңбек еткен тәжірибпді маман. Алайда ер адамға белгісіз біреулер оқ атып,  өлтіріп кеткен.

Марқұмның артында кәмелет жасына толмаған үш баласы мен жары қалды.

Туыстары жігіттің көз жұмғанына 3 күн өтсе де, тергеушілерден бірде-бір хабар жоқ екенін айтты. Олар тергеуге күмән келтіріп, шағымдануда.

«Қазір келеді деп жаттым. Сағат 4 болды. Тұрсам, қасымда жоқ. Мына кісі әлі келмеген бе деп, машинасына қарадым. Машинасы ол жоқ. 4-5 адамды жалдаған. Басынан екі оқпен атқан. Асқан қатыгездікпен өлтіргенімен қоймай, денесін қасындағы каналға лақтырып кеткен», - дейді марқұмның жұбайы Ұлпан Нұрлыбаева.

Қайғыдан қан жұтқан отбасы Наурызбекті өзінің таныстары өлтіргеніне сенімді.

«Бірнеше адам, жоқ дегенде 4-5 адамның қатысы бар. Сол адамдардың бәрінің табылып, қатаң жазамен сотталуын талап етеміз», - деді марқұмның әкесі Асылхан Дауылбеков.

Полиция қылмыстық іске қатысты екі күдіктінің қамауға алынғанын хабарлады. Өзге мәліметтер жария етілмейді.

Пікірлер