Ғарышкерлер туған күн

1067
Adyrna.kz Telegram

Бүгін — қазақтың қос ғарышкері Тоқтар Әубәкіров пен Айдын Айымбетовтің туған күні, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Совет Одағының Батыры, КСРО ұшқыш-ғарышкері, Қазақстанның ұшқыш-ғарышкері, Қазақстан Республикалық Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров 78-ке толса, Қазақстанның ұшқыш-ғарышкері, Қазақстанның Халық қаһарманы Айдын Айымбетов 52 жасқа келіп отыр.

Тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Ол 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен көкке ұшқан еді. Ғарышта 7 күн 22 сағат 12 минут болды. Тоқтар Оңғарбайұлы өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал теңізі аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы ғарышкері Айдын Айымбетов 1972 жылы 27 шілдеде Алматы облысы Талдықорған қаласы Өтенай ауылында дүниеге келген. Ол 2015 жылдың қыркүйегінде «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесінің бортинженері болып, халықаралық ғарыш станциясына ұшқан болатын. 10 күнге созылған сапарда Айдын Айымбетов ғарыштағы 5-ші ұлттық ғылыми зерттеу бағдарламасын орындады. Алғашқы 4 бағдарлама 1991 жылы Тоқтар Әубәкіровтың және 1994, 1998, 2001 жылдары Талғат Мұсабаевтың ғарыштық сапарларында атқарылған еді.

Айта кетейік, ғарышкерлердің екеуі де Армавир жоғары әскери авиация мектебін бітіріп, әскери ұшқыш, кейінірек ғарышкер атанды.

Пікірлер