Астанадағы Ұлттық госпиталь дәрігерлері Сара Назарбаеваның емделіп жатқанын растады, деп хабарлайды "Адыран" ұлттық порталы.
Алайда медицина қызметкерлері бұрынғы президенттің жұбайының нақты диагнозы, денсаулық жағдайы мен қолданылып жатқан емдеу тәсілдері туралы мәлімет беруден бас тартты. Дәрігерлердің айтуынша, бұл – науқастың жеке өмірін қорғауға бағытталған заңды шешім.
"Бұл ақпарат құпия болып табылады. Пациенттің келісімінсіз оның денсаулығына қатысты қандай да бір мәлімет жарияланбайды", — деп мәлімдеді Ұлттық госпиталь өкілдері.
Айта кетейік, Сара Назарбаева – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жары, қоғам қайраткері және «Бөбек» қорының негізін қалаушы.
5 мамырда Сара Назарбаеваның жағдайы күрт нашарлағаны хабарланған еді.