Алакөл көлінде дельтапланмен құлағандардың жағдайы қалай?

1706
Adyrna.kz Telegram
Фото: aikyn.kz
Фото: aikyn.kz

Алакөл көлінде дельтапланнан құлап, зардап шеккен әйел мен ер адамның қазіргі жағдайы белгілі болды. Бұл туралы Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәліметке сәйкес, олар жедел жәрдем көлігімен Алакөл ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілген.

"Жәбірленушілердің жағдайы ауыр болды, олар анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды", - делінген хабарламада.

Олар қазір шокқа қарсы терапиядан, сонымен қатар толық клиникалық-диагностикалық тексерулерден өтіп жатыр. Талдықорғаннан емдеу мекемесіне екі маман – нейрохирург пен травматолог жіберілді.

"Ауруханада науқастарды емдеуге қажетті барлық дәрі бар. Жағдай бақылауда", - деп хабарлады басқарма.

Айта кетейік, 25 шілдеде Алакөл көлінде дельтаплан құлағанын хабарладық. Ведомство өкілдері дельтапланнан суға құлаған екі адамды аман алып қалды. Кейін Азаматтық авиация комитеті оқиғаның егжей-тегжейін айтты.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер