Алакөлде гидроұшақ құлады. Зардап шеккендер бар

2235
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/img_7336.jpeg

25 шілдеде Жетісу облысы Ақши ауылының маңындағы Алакөл көліне гидроұшақ құлады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«ТЖМ құтқарушылары гидроұшақпен ұшу кезінде суға құлаған 2 адамды құтқарды. Ер мен әйел адам медицина қызметкерлеріне берілді. Қаза тапқандар жоқ»,—делінген хабарламада.

Айта кетейік, 22 маусымда Ақтөбе облысында дельтаплан апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапқанын жазған едік.

Комментарии