ҚМДБ мас күйінде көлік жүргізіп ұсталған бас имамды қызметінен босатты

1241
Adyrna.kz Telegram
Сурет: ҚМДБ
Сурет: ҚМДБ

Бүгін, 25 шілдеде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мас күйінде көлік жүргізгені үшін қамауға алынған Қостанай облысының бас имамы Бақытбек Тәжімбетке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мүфтият болған оқиға үшін елдегі мұсылман қауымынан кешірім сұрады.

«Діни басқарманың қызмет жүйесінде заң нормаларын және дін қызметкері этикасын өрескел бұзатын жеке тұлғалардың діни салада жұмыс істеуіне моральдық тұрғыдан құқығы жоқ. ҚМДБ дін қызметкеріне лайықсыз әрекет жасаған Бақытбек Тәжімбетті Қостанай облысының бас имамы қызметінен босатты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы болған оқиғаны үлкен өкінішпен қабылдап, еліміздегі мұсылман жамағатынан кешірім сұрайды. Алла Тағала баршамызды жамандық пен өкінішті істерге жетелейтін нәпсі қалауының кесірінен сақтағай»,— делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Қостанай облысының бас имамы ішімдік ішіп, мас күйде ұсталды деген ақпарат тараған еді.

Пікірлер