Мас күйінде көлік айдаған Қостанай облысы бас имамының қамауға алынғаны айтылды

1861
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Қостанай облысының бас имамы Бақытбек Тәжімбет Бурабайда мас күйінде көлік жүргізген жерінен ұсталып, он бес тәулікке қамауға алынды. Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі ақпаратты растады, деп хабарлайды деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Оқиға 23 шілде күні түнгі сағат үште болған. Toyota Highlander мінген бас имам Бурабай кентіндегі түнгі клубтың жанынан мас күйінде ұсталды. Сот отырысында Тәжімбет ішімдік ұрттағанын мойындамаған, қымыз ғана іштім деп ақталған. Алайда медициналық куәландыру мешіт қызметкерінің алкоголь ішкенін растады.

Сот шешімімен Қостанай облысының бас имамы кінәлі деп танылып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Бұған қоса ол он бес тәулігін темір торда өткізеді.

«Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылсын, оған осы бап бойынша 15 тәулікке қамаққа алу және 7 жылға көлік басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалсын», – делінген сот қаулысында.

Пікірлер