«Qarmet» зауытынан жанармай ұрлаған қылмыстық топ ұсталды (ВИДЕО)

915
Adyrna.kz Telegram

Ақмола облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы «Qarmet» АҚ кәсіпорны аумағынан ұзақ уақыт бойы жанар-жағармай материалдарын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады. Бұл туралы бүгін, 25 шілдеде Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жәбірленуші тараптың мәліметінше, кәсіпорынға 50 млн теңгеден астам шығын келтірілген.

«Qarmet» АҚ қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, кәсіпорын қызметкерлерінің, оның ішінде күзет қызметінің жанар-жағармай жымқыруға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Тінту іс-шаралары барысында ұсталғандардан 5,5 тоннаға жуық дизель отыны, ірі көлемде қаражат және іс бойынша өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр»,—деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Еске салайық, бұған дейін Ішкі істер министрлігі «Qarmet» АҚ-дан аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдікпен қылмыстық топтың екі мүшесіне іздеу салған еді.

Пікірлер