Ішкі істер министрлігі екі қазақстандыққа іздеу жариялады

1204
Adyrna.kz Telegram

Ішкі істер министрлігі «Qarmet» АҚ ұрлық жасады деген күдіктілердің суреттерін жариялады, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қылмыстық топтың аса ірі көлемде жасаған алаяқтық фактісі бойынша тіркелген қылмыстық іс бойынша (ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігі) төмендегі азаматтардың іздеуде екені хабарланды:

1. Ахметжанов Мирас Қалымбекұлы, 02.04.1987 жылы туған, Абай облысының тумасы, бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған;
2. Чижевский Андрей Александрович, 1987 жылы 29 қарашада туған, Қостанай облысының тумасы.

Іздеудегі адамдардың жүрген жері туралы ақпарат болса, қазақстандықтардан Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1 мекенжайы бойынша Ішкі істер министрлігінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментіне немесе 8-705-177-14-19, 8-702-975-62-48, 8-775-299-79-97, 8-7172-72-20-99 телефонына хабарлауды сұраймыз.

Пікірлер