ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Мәсімовке рақымшылық жасалмайтын болды

1310
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Мәсімовке рақымшылық жасаудан бас тартты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады және билікті басып алмақ болды деген айыппен сотталған.

Мәсімовтің 27 маусымдағы кешірім жасау туралы өтініші Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияда қаралды.

"Мәсімовке кешірім жасау актісін қолдану мүмкіндігін зерделеу нәтижелері бойынша комиссия мемлекет басшысына тиісті ұсыныс енгізіп, ол келісті", – делінген президент әкімшілігінің жауабында.

Кәрім Мәсімов 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде қолға түскен. Оған қатысты қылмыстық іс "өте құпия" деп танылды.

Ол 2023 жылдың сәуір айының соңында Астана сотының шешімімен "мемлекетке опасыздық жасады, билікті күшпен басып алуға әрекеттенді, билікті және лауазымдық өкілеттікті асыра пайдаланды" деген айыппен 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

Пікірлер