Астанада Street Workout бойынша шеберлік дәрісі өтті

924
Adyrna.kz Telegram

20 шілдеден бастап елордада салауатты өмір салтына насихаттайтын кезекті жоба басталды, деп хабарлады “Адырна” ұлттық порталы.

Сенбі күні St.Regis қонақ үйінің маңындағы саябақта Street Workout сайысы бойынша Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Имран Ибрагимов шеберлік дәрісін өткізді. Сондай-ақ жексенбі күні сол жағалаудағы «Керуен» сауда үйінің жанында Sky dance студиясы самба, джайв, пасадобль, румба, ча-ча-ча би түрлерінен тұрғындарды базалық жаттығуымен таныстырды.
Іс-шара ұйымдастырушысы Жәмила Байдосованың айтуынша, 2 күнге жалғасқан шараға мыңға жуық қала тұрғыны қатысқан.

«Астана саябақтарындағы спорттық шаралар марафонының басты идеясы – спорт пен денсаулықты жақсарту мен насихаттауды қамтиды. «Астана қозғалыста» – бұл белсенді өмір салтын ынталандыруға және спорт мәдениетін дамытуға бағытталған бастама. Шаралар қоғамның түрлі мүдделері мен адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдалды. Сондықтан еліміздің әрбір тұрғыны өзіне сәйкес келетін спорт түрін таңдай алады, мысалы, иттермен бірге жүгіру, биден шеберлік сабақтары, стритбол турнирі, веложарыс»,– деді Жәмила Байдосова.

Имран Ибрагимов мұндай спорттық іс-шараның жастар үшін маңызы зор екенін айтты.
«Шын мәнінде бұл өте қызықты іс-шара. Сол себепті осында келген азаматтарға алғысым шексіз. Себебі біздің қаламыз бен еліміздің таза болуына байланысты ұйымдастырылып жатқан «Таза Қазақстан» акциясының маңызы ерекше. Осы игі іс-шараның басы-қасында болған барша азаматтарға алғысымды айтамын. Акцияға қатысқан әр азамат еліміздің ғана таза болуына емес, өзінің денсаулығының жақсы болуына атсалысты деп есептеуге болады», – деді ол.

Пікірлер