Қызылордалық болашақ дәрігер ұшақта жолаушыны аман алып қалды

215
Adyrna.kz Telegram
Фото: dzen.ru
Фото: dzen.ru

Qazaq Air әуе компаниясының Қызылорда – Астана бағытындағы рейсі кезінде бір жолаушы есінен танып, жүрегі мен тынысы тоқтап қалған. Оны болашақ дәрігер аман қалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл оқиға әлеуметтік желілер арқылы таралды . Белгілі болғандай, жас жігіт — қызылордалық Дінмұхаммед Бектұрған, Астана медициналық университетінің интерні.

Ол ұшақта шұғыл көмек көрсетіп, жүрек-өкпе реанимациясын жасап, жолаушының өмірін қонғанға дейін құтқарып қалған.

"Стюардесса микрофон арқылы жолаушылар арасында дәрігер бар ма деп сұрады. Содан кейін бір жолаушының жағдайы нашарлағанын көріп, оған бардым, артериалды қысымын тексердім. Сосын жүрекке массаж жасадым. Жүрек-өкпе реанимациясын жүргізіп, ұшақ жерге қонғанша медициналық көмек көрсете бердім", — деп жазды Дінмұхаммед Бектұрған Instagram парақшасында.

Пікірлер