Тағы да АН-2 ұшағы құлады. Ұшқыш аман

1966
Adyrna.kz Telegram

Ақмола облысында АН-2 ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.

ТЖМ мәліметінше зардап шеккендер жоқ.

«Державинск қаласынан 10 шақырым жерде АН-2 ұшағы көтерілу кезінде өртенді», - делінген хабарламада.

Ұшқыш жанып жатқан ұшақтан өз бетінше эвакуацияланған. Қазір өрт сөндірілді.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Айта кетейік, 3 мамыр күні Қостанай облысында су басқан аймақта қалған науқасты құтқаруға барған санитарлық авиация ұшағы апатқа ұшыраған еді. 

Мұндай апат АН-2 ұшағында жиі болады. Aviation Safety Network жобасының онлайн базасында ұшақ 618 рет әуе апатына ұшырап, салдарынан 776 адам қаза тапқан.

2021 жылдың 4 шілдесінде сағат 07.00-де Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылынан 12 шақырым жерде күріш егістігін өңдеу кезінде АН-2 ұшағы құлады. Ол ұшып шыққаннан кейін бірнеше сағаттан соң техникалық ақау салдарынан қонуға мәжбүр болып, егіннің үстіне құлаған.

2022 жылдың 11 ақпанында АН-2 ұшағы Камчаткадағы Коряки ауылының маңында құлаған. Қаза тапқандар жоқ.

2024 жылдың 19 шілдесінде Ан-2 ұшағы Арменияның Котайк облысындағы Егвард қаласының маңында апатқа ұшырады, екі адам қаза тапты.

2024 жылы 3 мамырда Қазақстанның Қостанай облысында тура осы маркалы ұшақ апатқа ұшыраған. 21 шілдеде АН-2 тағы да апатқа ұшырады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Пікірлер