Ұшарда суға сүрінген. Ұшақ апатына түсініктеме берілді (ВИДЕО)

2053
Adyrna.kz Telegram

Қостанай облысында су басқан аймақта қалған науқасты құтқаруға барған санитарлық авиация ұшағы апатқа ұшырады.  Төтенше жағдайға қатысты түсініктеме берілді, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

3 мамыр күні тараған видеодағы кадрлардан көмекке кеткен ұшақтың биіктігін жоғалтып, топан суға құлағанын көруге болады.

Жағада оларды жедел жәрдем көлігі күтіп тұрған еді. Жағдайдан соң дәрігерлер дереу ұшаққа жаяу жетті. Көлік министрлігінің мәліметінше, бұл еріген судан пайда болған су тоғаны болған. Ол жерде шынымен де су көп емес болатын.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы санитарлық авиацияның қатысуымен болған төтенше жағдайға байланысты түсініктеме берді. Олар таңертең медициналық авиацияның электронды поштасына миокард инфарктісі диагнозымен 1964 жылы туған науқасты тасымалдау туралы өтініш түскенін айтты.

"Науқасты Қостанай облыстық ауруханасына жеткізу үшін сағат 16:09-да құрамында екі ұшқыш, дәрігер және фельдшер бар санитарлық авиация бригадасы Арқалық қаласына ұшты. Алдын ала болжам бойынша жерден көтеріле берген кезінде санитарлық авиация ұшағы аударылып кетті», - делінген хабарламада.

Санитарлық авиация бригадасы зардап шеккен адам жоқ, олар медицина қызметкерлерінің бақылауында деп баяндады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ОФИЦИАЛЬНЫЙ ПОРТАЛ ARKNEWS (@arkalyk.news)

 

Пікірлер