"Алаш" партиясы, Жер мәселесі, автономия. Бүгін - I жалпықазақ съезі өткен күн

1500
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

107 жыл бұрын 21 шілдеде Орынбор қаласында I жалпықазақ съезі өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

1917 жылы қазақ интеллигенциясының өкілдері «Алаш» партиясын құру туралы шешім шығарды.

21-26 шілде аралығында өткен съезге Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана, облыстарынан және Бөкей ордасынан 20-дан астам өкілдер қатысты. Орынбор съезіне Хәлел Досмұхамедов төрағалық етіп, хатшылығын Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатовтар атқарған.

Бірінші жалпықазақ съезінің басты мәселесінде әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне қатысты бірқатар маңызды міндеттер болды. Олар:

1) Мемлекеттік құрылыс, 2) Қазақ автономиясы, 3) Жер мәселесі, 4) Халық милициясы, 5) Земство, 6) Оқу мәселесі, 7) Сот мәселесі, 8) Дін мәселесі, 9) Әйел мәселесі, 10) Бүкілресейлік құрылтай жиналысы, 11) Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі, 12) Қазақ саяси партиясы, 13) Жетісу оқиғасы, 14) Киевте өтетін Бүкілресейлік федералистер съезіне және Санкт-Петербургтегі оқу комиссиясына Қазақтан өкіл жіберу шаралары болған.

1917 жылы 21-28 шілдеде Бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» атты партияны құру шешімі қабылданған. «Алаш» партиясының ұлттық ұстанымы бес түрлі тұжырымға негізделген. Бірінші ұстаным - жер, жер және жер. Екінші ұстаным - жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек! Үшінші ұстаным - Ә.Бөкейхановтың жобасы бойынша, «Қазақтың жерінде өндірілген «бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі» керек, яғни, толықтай экономикалық тәуелсіздік пен бірлікке қол жеткізуге ұмтылуы тиіс!

Ал төртінші нысана - қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстем¬дігі болуы керек, яғни, Х.Дос¬мұ¬хамедовтің пайымдауына жүгінсек, «ұлт¬тық мәдениет үстемдігі сақталуы» тиіс! Бесінші әрі түпкі мақсат - тәуелсіз ғылымға, ұлттық салт, дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, Жапонияның үлгісіндегі ұлттық-демократиялық мемлекет құру еді.

Пікірлер