СЕРІК ӘБІКЕНҰЛЫ: “Мен журналистерге олай айтпаңдар дей алмаймын...”

2748
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Ерекең - Ермек Тұрсыновтың  туған күні екен. Аға журналистер ұмыта алмай жүрген “қазақ журналистикасының алтын дәуірінде” “31 арнаны” алдаспандай жарқылдатқан батыл мінезді азамат.

Астанадан қандай қоңырау шалынса да “мен журналистерге олай айтпаңдар дей алмаймын” деп жымиып отыратын.

Коммерциялық арналарда редакцияларды жалақыдан алалау болушы еді, Ерекең отыз бірдегі сол кемшілікті жойып, бір жапырақ қағазымызға қол қойып, қазақ журналистерінің айлығын бірден екі есе көтерген болатын.

Байбарыс сұлтанды ұзақ зерттеп “Мамлюк” романын жазды, қайта-қайта қозғап жүріп кесенесінің жөнделуіне түрткі болды.

Мұстафа Шоқай жайлы еңбегі бір төбе.

Дін туралы ойы үшін әлдекімдер басын жарғанда да сыр беріп, пікірінен айныған жоқ. Бір шамырқанғанда “Қазақ әдебиетінде” “шалы көп, ақсақалы жоқ дәуірге тап болдық” деген еді, енді өзі шал мен ақсақалдың таразысына тартылар шамаға келіпті. Абыройлы болыңыз, Ереке!

 

Serik Abikenuly 

 

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Пікірлер