Зеленский "президент" Трамппен сөйлескенін, Трамп "өте жақсы" әңгіме болғанын хабарлады

1782
Adyrna.kz Telegram

Украина президенті Владимир Зеленский Дональд Трампты АҚШ президенттігіне кандидат ретінде ұсынылуымен құттықтап, сәттілік тіледі, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

«Мен Дональд Трамппен сөйлестім және оны Республикалық партиядан президент сайлауына ұсынылғанымен құттықтадым. Сонымен қоса Пенсильваниядағы жан түршігерлік қастандықты айыптадым», - деп жазды Зеленский АҚШ-тың бұрынғы президентімен телефон арқылы сөйлескенін 20 шілде, сенбіге қараған түні X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) мәлімдеп.

Оның сөзінше, Трамппен әңгімеде ол "Украинаның бостандығы мен тәуелсіздігін АҚШ-тың қос палатасы мен қос партиясының қолдауы маңызды" екенін атап өткен. "Әлемді әділетті әрі берік ететін" қадамдарды екі саясаткер жеке кездесу кезінде талқылауға келіскен. Украина басшысы бұл тұста Трампты "президент" деп атайды.

Трамп та Зеленскиймен "өте жақсы" әңгімелескенін айтып, "АҚШ-тың президенті болған жағдайда соғысты тоқтатып, әлемге бейбітшілік әкелуге" уәде берді. Ол бұл туралы Truth Social желісінде жариялаған.

Сонымен бірге Зеленский Трамппен және оның командасымен олардың ұсыныстарын тыңдау үшін кездесуге «дайын» ​​екенін айтты.

«Біз қараша айында АҚШ-тың күшті қолдауына ие боламыз ба, әлде біз толығымен жалғыз қаламыз ба, соны түсінгіміз келеді», - деп қосты ол.

Қоса кетейік, АҚШ-та президент сайлауы 2024 жылы 5 қарашада өтеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер