Алғашқы кәсіби дирижер әйел. Раиса Садықованың туғанына - 80 жыл

1427
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстандағы тұңғыш кәсіби дирижер әйел Раиса Садықова бүгін 80 жылға толар еді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Раиса Садықова 1944 жылы Алматы облысында туған.

Біртуар тұлға көзі тірісінде Қазақ ұлттық аспаптық оркестрінің әртісі болып жұмыс істеді. Ол бірнеше жыл бойы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері болған.

Қазақтан шыққан тұңғыш дирижер әйелдің репертуарында симфониялық музыканың жауһарлары, опера және балет спектакльдері, қазақ классикасының інжу-маржандары болды. Өнер иесі тек симфониялық оркестрге дирижерлық етіп қана қоймады. Сондай-ақ, ол «Отырар Сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестріне және Құрманғазы атындағы Қазақ халық аспаптар оркестріне де дирижерлік етті.  Одан бөлек, көптеген жылдар бойы Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваторияда педагогикалық қызмет атқарды.

Раиса Садықова симфониялық оркестрдің алғашқы кәсіби әйел дирижері ретінде тарихта қалды.  Дирижерге ерен еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді.

Ерекше талант иесі 2020 жылы 76 жасында өмірден өтті.

Пікірлер