Өзбекстанда кәсіпкер әйелдердің мүддесін қорғайтын кеңес құрылмақ

1072
Adyrna.kz Telegram
Фото: uzlidep.uz
Фото: uzlidep.uz

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиында Тауар-өнеркәсіп палатасы жанынан Кәсіпкер әйелдер кеңесін құруды ұсынды. Бұл кеңес бизнестегі әйелдердің мәселелерін көтеріп, олардың мүддесін қорғайды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Президенттің айтуынша, бұл кеңес парламентке тікелей ұсыныстар беріп, кәсіпкер әйелдердің құқықтарын қорғауға ықпал етеді. Жаңа құрылымды ұйымдастыру міндеті Тауар-өнеркәсіп палатасы төрағасының орынбасары Нодира Шотурсуноваға жүктелді.

Өзбекстанда жұмыссыздықпен күреске бағытталған ірі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Президенттің мәліметінше, өткен жылы бұл мақсатқа 17 трлн сум (1,3 млрд доллар) бөлінген. Нәтижесінде әйел кәсіпкерлер 81 трлн сум (6,2 млрд доллар) көлемінде өнім өндіріп, 450 млн долларлық экспорт жасаған.

Көптеген кәсіпкер әйелдер махалла тұрғындарын жұмысқа тартып, оларды жаңа мамандықтарға оқытуда.

"Осындай әлеуметтік жауапкершілікті мойнына алған кәсіпкер әйелдерді мен Жаңа Өзбекстанның құрылысшылары деп санаймын және оларға зор ризашылығымды білдіремін. Олардың дамуы үшін қосымша жағдайлар мен жеңілдіктер жасаймын", – деді президент.

2024 жылы екі миллион әйелді жұмыспен қамту, оның ішінде жартысынан астамын кәсіпкерлікке тарту міндеті қойылған. Бұл мақсатта банктер жаңа бизнес бастайтын әйелдерге тиімді несие пакеттерін ұсынады.

Президент атап өткендей, әйелдердің құқығы мен мәртебесін арттыру мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.

Мемлекет әйелдерді әлеуметтік жағынан қорғау жұмыстарын жалғастырады. Яғни, 162 мың мүмкіндігі шектеулі әйелге санаторийлер мен клиникаларда медициналық көмек көрсетіледі. 130 асыраушысынан айырылған әйелге қаржылай көмек беріледі. 6 мың әйелдің тұрғын үй жағдайын жақсарту жоспарланған.

"Біз еліміздің әлеуетіне сүйене отырып, реформаларды жаңа деңгейге көтеруге бел будық. Бұл жолда біздің әйелдер қауымы әрдайым көшбасшы болады деп сенемін", – деп түйіндеді Мирзиёев.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер