Home » Айдарлар » Қоғам » Серік Елікбай. Мәселе жатта емес…

Серік Елікбай. Мәселе жатта емес…

Иә!
Тағы иә!
Біз зеңбіректі өзіміз жасамай, жаттан алған кезде-жеңілгенбіз.
Біз одан бұрын жібек матаға асыл малымызды сатқан кезде-жеңілгенбіз.
Өз жолымызды, жерімізден өтер сара даңғылды “Жібек жолы” дегенде- жеңілгенбіз.
Тұрып сарыр, жаттың самаурынын сатып алғанда-жеңілгенбіз.
Геккенің от қаруы астына арысымызды салып бергенде-жеңілгенбіз.
Болыстық, аға сұлтандықты алсақ деп сіздер айтар “кемеңгерлер” бөтен кеңселерде мүләйім көз,  сынған жүзбен отырғанда-жеңілгенбіз.
Жігітектің он жеті “көкжалын” итжеккенге айдағанда-жеңілгенбіз.
Алашорданың ақ тулары орыстан,  татардан жар таңдағанда-жеңілгенбіз.
Ұлы даладағы қаракөктерді “қойдай қу қамшымен” дегенде-жеңілгенбіз.
Бөгенбай, Қабанбай ұрпағы “за Сталина” деп ажал құшқанда-жеңілгенбіз…
БІЗ ӨЗІМІЗДІ БӨТЕННЕН ҚОР САНАҒАНДА-ЖЕҢІЛГЕНБІЗ.
Енді,  ұлы дененің бар шіріген мүшесі-жерге үзіліп түсіп жатыр!
Бас жоқ!
Жүрек те..
Енді намыс!
Ұлың мен қызыңды жат сүйрелеп әкетіп,  алыс аймақта талап жеп…күмісіңнен күң жасауда!
Жатырымызға сайтани шатырларын тігуде!
Біздің белден-у төлдер тууда!
Елдің құлы болып сатылған жұрт-санасы күң елге сырға салып жатыр…
Ал сіз, маған Мәңгілік Ел деп-сандырақтайсыз…

 

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

“ДРЕВНИЙ РИМДЕГІ” ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС НЕГЕ СОЗЫЛЫП КЕТТІ?

Қарағандыда «Древний Рим» мейрамханасындағы іске қатысты тергеу ісі аяқталды, деп хабарлайды Новый вестник сайты. Рахымжан ...