МЕЙРАМБЕК ПАЗЫЛБЕКОВ: Алакөлдің ихтиофаунасын бақылайтын адамдар шошқа тағалап жүр ме???

1880
Adyrna.kz Telegram

Мен Алакөлдегі ғылыми-зерттеу жұмысына алты жыл қатарынан қатысқан ихтиолог ретінде айтайын!

Республикамызда ихтиофаунасы ластанбаған жалғыз су айдыны - Алакөл көлдер жүйесі болған!

Әттеген ай! Мынау болжамым расталып бүгін төбемнен тас түскендей болып отырмын!

Табиғатта биоалуантүрлілік деген ұғым бар.

Сонымен қатар табиғатта, су айдынында ихтиофауна құрамында баланс деген ұғым бар. Ол баланс түрлі жағдайда бұзылады.

Басым жағдайда екі аяқты саналы жауыздың әсерінен орын алып жатады.

Болжамыма сәйкес Алакөл көлінен жайын мен шортан деген екі жыртқыш балықтың балықшылар ауына ілінгені расталды.

Бұл жыртқыштар алдағы уақытта өз санын арттырып жаңа мекен ортасында таралуы ықтимал.

Бұған кінәлі тараптар еш жазаланбай "биологиялық қылмыстан" оңай құтылып оны көрші Қытайға немесе кездейсоқ жағдайға жаба салады деген сенімдемін.

Әрбір су айдыны оқшауланған ағза сияқты экожүйені құрайды. Сәйкесінше әрқайсысының өзіне тән ихтиофауна құрамы бар. Оны бұзуға болмайды, заңмен тиым салынған.

Соны бақылайтын адамдар шошқа тағалап жүр ме???

Бір кездері Балқаш-Іле су айдынына жыланбас балықта осылай еніп қазір кеңінен таралып кетті.

Мұны мен айтпасам өзге ешкім айтпайды. Қарға қарғаның көзін шұқымайды!

 

Мейрамбек Пазылбеков

 

 

Пікірлер