«Биыл суға кеткен бала саны өткен жылмен салыстырғанда көп»

1756
Adyrna.kz Telegram
Сурет: newsnhk.com
Сурет: newsnhk.com

Елімізде шомылу маусымы басталғалы бері 70 адам суға батып кетті. Бұл туралы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Шомылу маусымы басталғалы 70 адамның ажалы судан келді. Оның ішінде 30 бала бар. Өткен жылы 83 адам суға кетіп қайтыс болған. Биыл суға кеткен баланың саны өткен жылмен салыстырғанда көп»,— деді комитет төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов.

Айтуынша, биыл судан 131 адам құтқарылған.

«Әрбір азамат жол жүру ережесін сақтаған сияқты, судағы жүріп тұру қағидаларында қатаң сақтауы тиіс. «Шәкірт дайын болғанда ғана ұстаз келеді» демекші, біз қанша ескерту, оқыту, алдын алу шараларын ұйымдастырғанымен, ең бірінші судан келетін қауіпке араша болушы – адамның өзі»,—деп толықтырды ол.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер