Желіні шулатқан Қырғызстан президентінің "күйеу баласы" ұсталды

1542
Adyrna.kz Telegram

Қырғызстанда президент Садыр Жапаровтың қарындасының күйеу жігіті ұсталды. Ақпаратты мемлекет басшысының әкімшілігі растады, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Садыр Жапаровтың баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов Facebook желісіндегі парақшасында Қырғызстан президентінің інісінің қызының күйеу жігітін құқық қорғау органдары ұстағанын растады.

«Ләззат Нұрқожаеваның күйеу жігіті оған тікұшақпен тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасағаннан кейін танымалдылыққа ие болды. Бұл жас жігіттің басты мақсаты оның заңсыз әрекеттерін қорғау үшін билік басындағы адамдармен байланыс орнату болды («шатыр іздеу») деп айтуға толық негіз бар», - деп атап өтті Асқат Алагөзов.

Ол президент Садыр Жапаров кім болса да, кімі болса да заңсыз әрекеттерді жасырмайтынын, қорғауға тырыспайтынын баса айтты.

Атап өткендей, жігіт пен оның сыбайластарының заңсыз әрекеттерінің жай-жапсары тергеу барысында нақтыланады.

Қырғыз ақпарат құралдары жақында Төтенше жағдайлар министрлігінен тікұшақ жалдап тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған ел президентінің қарындасы Ләззат Нұркожоеваның күйеу жігіті Афтандил Сабырбеков екенін хабарлады. Оқиғадан түсірілген видео қоғамда үлкен резонанс тудырған соң, Садыр Жапаров болашақ күйеу баласының ысырапшылдығы үшін кешірім сұрауға мәжбүр болды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Пікірлер