Home » Басты тақырып » Жәкішев соты. Сот шешімі өзгеріссіз қалды

Жәкішев соты. Сот шешімі өзгеріссіз қалды

2009 жылы Мұхтардың төбесіне қара бұлт үйірілді. Қамалды. Айып тағылды. «Ұрлаған, жеген, пара берген…» деді.  14 жылға сотталып кете барды ол. Арада 10 жыл өтті. Мұхтар Жәкішевтің денсаулығының нашарлауына байланысты және заң жағынан негіз жоқ деген ұстаныммен мерзімінен ерте босатуын сұрады деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталының тілшісі.

Сонымен бүгін Алаштың рухани астанасында «Қазатомпром» Ұлттық компаниясының экс-президенті Мұхтар Жәкішевтің  сот ісі жалғасуда. Сот Семей қаласындағы № 2 қалалық сотта өтуде. Әзірге Мұхтар Жәкішевті 2009 жылдан бері қорғап келе жатқан адвокат Нұрлан Бейсекеев  айыпталушы бостандыққа шығу үшін, судьяға бұлтартпас дәлелдер келтіру арқылы қайтсе де Мұхтарды қапастан сурырып алуға әрекеттеніп-ақ бақты. Колония басшылығы мен медициналық қызметкерлер Мұхтардың денсаулығына байланысты судьядан босатылуын өтінді. Яғни колония басшылығы да, дәрігерлер де Мұхтардың түрмеде отыра беруі зиян екенін мәлімдеуде. Ал енді сотқа қатысып отырған прокурор Мұхтар Жәкішевтің кінәсін мойындамауына байланысты Жәкішевті бостандыққа шығаруға қарсы болып отыр. Сондай-ақ Мұхтар Жәкішевке Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар қаласынан қолдау білдіруге келген белсенділер “Мұхтарға бостандық” деп сот ғимаратының алдында қолдау шараларын өткізіп жатыр. Өкінішке қарай, адвокаттардың және өзге де тараптардың келтірген дәлелдеріне қарамастан судья Ермек Шымыров Мұхтар Жәкішевті босатпауға шешім шығарды. Яғни ары қарай толық жаза мерзімін өтегенше абақтыда бола бермек. Ал Мұхтар Жәкішевке қолдау білдіріп келген белсенділер “Қашан ел боламыз?”, “Мұхтарды өлтіріп бітіресіңдер!” деп наразылықтарын білдіріп, сот залын босатпай жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Мұхтар Жәкішев 2009 жылдың мамыр айында өзі басқаратын «Қазатомпром» компаниясының Астанадағы кеңсесінде тұтқындалды. Арада үш күн өткенде «мемлекет мүлкін жеке мақсатына пайдаланып, Қазақстанның ірі уран кен орындарынан оффшордағы фирмалардың мүддесі үшін «доля» алды» деген айып бойынша қамауға алынды.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ ИДЕОЛОГИЯЛАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫ

Қазақстанда сәләфилік идеологиялық ағымдардың сопылардан басымдығының кейбір ерекшелігіне тоқтала кетейік. Араб тіліндегі «сәләф» сөзі «алдыңғы ...