Алматы метросының қызметкерлері бюджет қаржысын жымқырды деп күдіктелуде

1259
Adyrna.kz Telegram
Сурет: planetofhotels.com
Сурет: planetofhotels.com

Алматы метросының қызметкерлері бюджет қаржысын жымқырды деп күдіктеліп отыр. Бұл туралы 6 маусымда Бас көлік прокуратурасы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Метрополитен» КМК қызметкерлері локомотивтерге арналған бастапқы резеңке серіппелерді 137 миллион теңгеге көтерілген бағамен сатып алған. Бұл тұжырымды Метрополитеннің аудиторлық есебі де растады, осыған байланысты Көлік прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді, оны қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізіп жатыр»,—делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда метро салу үшін бөлінген қаражаттан 5 млрд теңгеден астам ақшаның ұрланғанын жазған едік. Қаңтар айында Бас көлік прокуроры Тимур Сүлейменов мемлекетке 53 млрд теңгеден астам сомаға активтер қайтарылып, 1 358 тұлғаның әртүрлі жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.

Пікірлер