Алматыда БҰҰ-ның аймақтық орталығы ашылады

938
Adyrna.kz Telegram
Фото: ortcom.kz
Фото: ortcom.kz

Әлем Қазақстанның жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтаудағы рөлін мойындады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Қазбек Майгельдинов Facebook парақшасында жазды.

"Күні кеше БҰҰ Бас Ассамблеясының жиыны өткен еді. Сол басқосуда Қазақстанда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның аймақтық орталығын ашу туралы шешім қабылданды.
Бұл Қазақстан үшін нені білдіреді? Қандай пайдасы бар?
Біріншіден, БҰҰ құрамындағы мекеменің Алматыда ашылуы Қазақстанның саясат сахнасындағы рөлін, жалпы әлемдегі шешім қабылдауға ықпалын мығымдай түседі. Еліміздің саяси салмағын арттырып, саяси басымдық береді.
Екіншіден, Алматы Женева, Нью-Йорк, Найроби, Вена секілді БҰҰ-ның негізгі орталықтары орналасқан қалалар қатарына қосылып отыр. Нәтижесінде Алматы – БҰҰ жүйесінде шешім қабылданатын орталықтың бірі саналмақ. Бұдан былай Орталық Азия, Ауғанстанға қатысты жоспарлар, шешімдер тікелей Алматы арқылы қабылданады десек қателеспейміз.
Үшіншіден, өңірде БҰҰ-ның кеңсесін ашуға лайық басқа үміткер мемлекет жоқ. Әдетте, ондағы ресми тұлғалар орталық ашар кезде мемлекеттің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне ерекше мән береді. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, Қазақстаннан басқа елді таппайсыз. Естеріңізде болса, Ауғанстан билігін Талибан басып алған кезде БҰҰ сондағы үйлестіру орталығын жедел түрде Алматыға әкелген еді", - деп жазды ол.

Айта кетейік, мұндай орталық ашу идеясы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан бұған дейін де көтерілген болатын. Өйткені Ауғанстандағы тұрақтылық – тек Орталық Азия елдері үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін маңызды. Егер өңірде ахуал ушығатын болса, босқындар толқыны күшейіп, бұл көрші мемлекеттерге айтарлықтай салмақ салады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот домашний метод сжигает 9 кг жира за 6 дней! Помогает ленивым
Пікірлер