Өзекті өртер ақиқат

845
Adyrna.kz Telegram

2024 жылғы 31 мамыр күні Шоқан Уәлихановатындағы Көкшетау университеті ғимаратында«Ақмола өңіріндегі зобалаң жылдар: Ақиқат пен ұрпақ сабақтастығы» тақырыбында ғылымиконференция өтті.

Алқалы жиынға Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы  Алмас Алин, Ш.Уәлиханов ат. Көкшетау университетінің т.ғ.к., доцент Алмагүл Күшпаева, Ш.Уәлиханов ат. Көкшетау университетінің лекторы, әлеуметтік - гуманитарлық пәндерінің магистрі Ғалымтай Төлепбергенов, Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Ақмола облысының архиві» КММ  бөлім жетекшісі Әсем Әлдибекова, Ш.Уәлиханов ат. Көкшетау университетінің лекторы, әлеуметтік - гуманитарлық пәндерінің магистрі Раушан Жусупова, «Ақмола облыстық шешен - ингуш этномәдени «Вайнах» қоғамы», жастар қанатының үйлестірушісі, Ақмола облыстық Ассамблея жастарының мүшесі Элита Яндиева, жастар атынан Ақмола облысы Пікірсайыс федерациясының төрағасы Нұрғасыр   Бердібекқатысып, тағылымды баяндама жасады.

Сондай-ақ, конференцияға зиялы қауым өкілдері, ғалым-ұстаздар, мекеме қызметкерлері және  жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Конференция модераторы ретіндеШ.Уәлиханов ат. Көкшетау университеті ректорының кеңесшісі, доцент, т.ғ.к.,  Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық  құрбандарын толық ақтау жөніндегі Өңірлік комиссияның  үйлестірушісі Аманбай Сейітқасымов болып, игі шараны өз деңгейінде жүргізді.

Шараға арнайы қатысқан ҚР еңбегі сіңген қоғам   қайраткері, журналист, публицист, жазушы-драматург, Ақмола облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Жабал Ерғалиев сөз сөйлеп, өзінің ұтымды ұсыныстарынбілдірді. Бүгінгі жинынның маңыздылығына тоқталып, ел жастарын өз елінің патриоты болуға шақырды.

Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі - жаппай Саяси қуғын-сүргін және миллиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан ашаршылық.

Ашаршылық жылдарында елімізде 1,5 миллионға жуық адам қайтыс болды. Қазақстанда жүз мыңнан астам адам жазықсыз сотталып, оның төрттен бірі өлім жазасына кесілді. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында әйгілі Алаш қайраткерлері, Ұлт зиялылары да болды.

Сол кезеңде Қазақ халқы тағдырдың тәлкегіне түскен барша ұлт пен ұлыстарды өз бауырына басып, қамқорлық жасады.

Кеңестік биліктің пәрменімен қазақ жеріне қоныс аударған сол этнос өкілдерінің барлығы бүгінде біздің бауырларымызға, отандастарымызға айналып отыр.

Тар жерде табысқандардың ұрпағы кең жерде келісіп, бүгін тағдыры бір Қазақстан халқы деген ұлы елге айналды. Бейбітшіліктің бесігі атанып, бүкіл әлемге танылды.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселесіне байланысты Ақмола өңірінде бірқатар игі істер атқарылып жатыр.

Атап айтар болсақ, Ақмола облысы әкімдігіШоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ғалым-ұстаздарымен бірлесе отырып, жазықсыз жапа шеккен азаматтар туралы:

- «1920-1950 жылдардағы Ақмола облысындағы саяси қуғын-сүргін тарихы» (мұрағат құжаттарының материалдары бойынша).

- «Ақмола облысы бойынша саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу кітабы» (қуғын-сүргінге ұшыраған ақмолалықтардың тізімі).

- «Ақмола облысының қуғын-сүргін құрбандары отбасы мүшелерінің еске алу кітабы» тақырыбында кітаптар шығарып, үлкен еңбек жасады.

Былтырғы жылы  бұл игі істерге арнайы қаражат бөлініп, зеттеу барысында Ақмола облысы бойынша 630 адам ақталды.

Қажырлы еңбектің арқасында 3 томдық энцоклопедия да шығарылды.

Зерттеуші-ғалымдар Алматы, Астана, Көкшетау, Петропавл, Қарағанды сынды қалалардағы архивтерде ауқымды жұмыстаржасады. Сондай-ақ, ресейдің Омбы және Тюмень  қалаларындағы архивтерден тың деректер де жинаған болатын.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау процесі әлі де жалғасуда әр жалғаса бермек.

Шынайы ақиқатқа сүйене отырып саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен барлық құрбандар толық ақталуы керек. Бұл тарихи әділеттілік тұрғысынан қоғамды біріктірері сөзсіз.

Өткеннен сабақ алып, тарихтың қасіретті беттерін ешқашан ұмытпағанымыз жөн.

Жазықсыз жапа шеккен тұлғаларымыз тарихи құрметке лайық!

Гүлайым РАХИМОВА,

«Қоғамдық даму орталығы» КММ

Ақпараттық-талдау бөлімінің маманы

Пікірлер