Атырау облысының құтқарушылары 92 бас жылқыны эвакуациялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.
«Соңғы екі күнде Атырау қаласынан 27 шақырым жерде орналасқан Қайыршақта ауылдық округіне қарасты шаруа қожалықтарының бірінде құтқарушылар 92 бас жылқыны қауіпсіз жерге көшірді», - делінген хабарламада.
Жайық өзені суының ұлғаюына байланысты бұл шаруа қожалығының айналасын тасқын суы қоршап қалғаны айтылады.