Наурыз мерекесінде үріккен жылқының иесі жауапқа тартылады

975
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысының Қызылшаруа ауылында Наурыз мерекесі кезінде сахна маңында отырған көрермендерге қарай шауып кеткен жылқының иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұл туралы өңірлік полиция департаменті мәлімдеді.

"22 наурыз күні әлеуметтік желілерде белгісіз себептермен ашуланған жылқының шабандозын жерге түсіріп, адамдарға қарай шапқаны түсірілген видео жарияланды. Бұл оқиға полицияда тіркелді", – делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға кезінде азаматтар ауыр жарақат алмаған және медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

"Полиция қызметкерлері тексеріс жүргізіп, жылқының иесін анықтады. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылады", – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске салайық, 22 наурыз күні Жамбыл облысының Қызылшаруа ауылында Наурыз мерекесі кезінде жылқы үркіп, сахна маңында отырған көрермендерге қарай шауып кеткен болатын. Жергілікті билік бұл оқиға мерекенің жалғасуына әсер етпегенін және зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер