Түрксіб жобасының авторы. Алашорда қайраткері

1305
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Бүгін Алашорда қайраткері Мұхаметжан Тынышбайұлының туған күні, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайрат­кері, алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, Алаштың ірі қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, ағартушы, тұңғыш темір жол инженері Мұхамеджан Тынышбаев 1879 жылы 12 мамырда Жетісу облысында туған.

Ауыл молдасынан хат таныған қарапайым қазақ баласы Ресейде институтқа түсіп, оны тәмамдаған. Мұхамеджан Тынышбаев 1905 жылы қазақ сынды шет ұлттарды билеуде өкіметтің әскери тәртіптен арылып, азаматтық жолға түсуін ұсынған дәлелді хатын министрлер комитетінің төрағасына жолдаған. Сол жылы инженер «Қазақтар жәш азаттық қозғалысы» атты баяндама жасап, қазақтың қазіргі жағдайы мен өмірге қажетті сұранымының жалпы сипаттамасын атаған.

Инженер Тынышбаев 1906 жылы елге келіп, біраз уақыт Жетісу теміржолын жобалау ісіне қатысқан.

1907 жылы ол Түркістан генерал-губернаторлығы қарамағындағы аймақтың теміржол құрылысына инженер ретінде атсалысады. 1907- 1914 жылдар аралығында Әмудәрия үстіне салынған көпір құрылысына, Ұрсат (Урсатьевск) - Әндіжан теміржол құрылысына жетекші маман, бас инженер есебінде қатысады. Теміржол саласына байланысты еңбегін ғана парықтағанның өзінде Мұхамеджан Тынышбаев - Кіндік Азия көлемінде еленуге лайықты инженер-теміржолшы атанған.

1915 жылы Түрксіб жобасының авторы, инженер Мұхамеджан Тынышбаев теміржол басында жүргенде оған Ташкент Мұғалімдер институтына оқуға бармақ болып қаржыдан қысылып жүрген Тұрар Рысқұлов ұшырасады. Ол қазақ баласының зейінін ашу мақсатында қолма-қол ақша ұсынып және адағы уақытта керекті қаражатын адресіне салып тұратынын айтады.

Екі азаматтың осы риясыз көңілі адал бауырластыққа ұласады.

Пікірлер