Дипломаттың әйелі желідегі бейнеден соң күйеуінің татуласқысы келгенін айтты

2341
Adyrna.kz Telegram
Фото: НеМолчи.kz
Фото: НеМолчи.kz

Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігінің бұрынғы кеңесшісінен қорлық көрдім деп арызданған Карина Мамаш жағдайын ашып айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Экс-кеңесшінің әйелі Карина Мамашты әлеуметтік желі қолданушылары "екінші Салтанат" деп атаған. Әйел адам Nukte YouTube-арнасына берген сұхбатында мәселенің мән-жайын айтты.

"Үмітті ақтамағанымды түсінемін, себебі елдің имиджі үшін атқарылған көп жылғы жұмыстың күл-талқаны шықты. Егер маған қатысты қайғылы жағдай болса, келеңсіз оқиға деп жылы жауып қоя салушы еді", — деді Карина Мамаш.

Дипломаттың әйелі күйеуінің өзімен татуласқысы келгенін де айтты.

"Түсінесіз бе, ол татуласқысы келді. Себебі ол жұмысынан, мәртебесінен айырылып қалудан қорықты, соны түсінгенде барып кешірім сұрай бастады. Әйтпесе 10 жыл бойы ұрып-соғып келгенде бір де бір рет кешірім сұраған емес. Себебі ол бәріне өзім кінәлі секілді етіп көрсететін", — деді ол.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Пікірлер